Блоги

ШҚО-да Юлия Галышеваның анасын құттықтады

ШҚО-да Юлия Галышеваның анасын құттықтады

     0

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов бүгін Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышеваның анасы Светлана Галышеваны құттықтады.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы атап өткендей, Юлия бұл жолы да Шығыс Қазақстан облысының қазақстандық қысқы спорттың «шеберханасы» екендігін дәлелдеді.
– Сізді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан Юлия Галышеваның қола медаль иеленуімен шын жүректен құттықтаймын. Жанымызды шүберекке түйген сәтте, тек біз ғана емес, күллі Қазақстан жанкүйерлік етті деп ойлаймын, – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Юлия Галышева төртжылдықтың басты бәсекесінде өзінің алғашқы медалін еншілеп, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде әперді.
– Барлығымыз Юлияға жанкүйерлік еттік. Және бұдан кейін де, еліміздің өзге спортшыларына тілеулес боламыз. Сондай-ақ, барлық спортшымызға қолдау танытқаны үшін аймақ басшылығына алғысымды білдіремін, – деді Светлана Галышева.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
12 февраля 2018 в 20:39 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги