Блоги

ШҚО-да жеңіл атлетикадан ҚР ашық чемпионаты өтуде

ШҚО-да жеңіл атлетикадан ҚР ашық чемпионаты өтуде

     0

Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жеңіл атлетикадан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер және қыздар арасында, сондай-ақ, жастар арасында жабық кешендегі Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтуде.
Сайыста жергілікті жеңіл атлеттерден бөлек, Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан, сондай-ақ, Қырғызстан елінен келген 514 спортшы өзара мықтыны анықтауда. Мұнда жеңіл атлетиканың 15 бағыты бойынша үздіктер анықталады.
– Бұл жарыста ірі додаларда ел намысын қорғайтын спортшылардың дайындығын байқаймыз. Алдымен 18 жасқа дейінгі спортшылар шілде айында Тайландта өтетін іріктеу жарысына қатысады. Яғни, бұны ірі жарыстарға іріктеу кезеңдерінің бірі десек те болады, – деді жоғары ұлттық дәрежелі төреші Дамир Абулев.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ директоры Денис Рыпаков айтып өткендей, ақпан айы спорт сайыстарын өткізуге белсенді ай болып тұр. Әрі төрешілер, жаттықтырушылар және спортшылардың өздері де тәжірибе жинақтайды.
Айта кетейік, үздік нәтиже көрететін спортшылар Аргентина жерінде өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
19 февраля 2018 в 18:52 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: