Блоги

Шығысқазақстандықтар арбада отырып билеуден ел чемпионатында жүлдегер атанды

Шығысқазақстандықтар арбада отырып билеуден ел чемпионатында жүлдегер атанды

     0

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық клубы» КММ тәрбиеленушілері арбада отырып билеуден Қазақстан чемпионатында 17 жүлде иеленді.
Астанадағы би алаңында облыс атынан құрамында Бағлан Манабаев пен Дарья Мирных, Әлібек Төлегенов пен Анастасия Кривохижина, Алексей Журавлев пен Алена Кривохижина сынды бишілері бар жұптар сынға түсті.
«Singlefreestyle» номинациясы бойынша біздің жұптар тұғырдың ең биігіне жайғасып, алты бірдей алтын медаль еншіледі. Команда қоржынына екі алтын жүлдені «Singleman» және «Singlefreestylе» екі бірдей номинациясында Алексей Журавлев әперді. «Combistandart» номинациясы бойынша Бағлан Манабаев пен Дарья Мирных жұбы екінші орыннан көрінсе, I санаттағы жекелей өнер көрсетуде дәл осы тәртіп бойынша Әлібек Төлегенов жүлделі екінші орыннан көрінді.Осы жетістікке II санатта өнер көрсеткен Бағлан Манабаев та қол жеткізді. Келесі «Сombistandart» тәртібінде Әлібек Төлегенов пен Анастасия Кривохижина жұбы екі күміс медаль олжалады. Бағлан Манабаев пен Дарья Мирных жұбы осы сында екінші орынды еншілесе, жекелей билеуде «Singlefreestyle» тәртібінде Бағлан Манабаев тағы да күміске қол созды.
Шығысқазақстандық бишілер команда қоржынына сегіз алтын, төрт күміс және бес қола медаль салды. Айта кетейік, бұл жарыста еліміздің әр өңірінен келген 11 команда өнер көрсетті.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
18 апреля 2018 в 18:29 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: