Блоги

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі спортшылар марапатталды

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі спортшылар марапатталды

     0

ШҚО мүмкіндігі шектеулі спортшылары қыркүйекте Атырау қаласында өткен V республикалық спартакиададан жүлделі орын иеленіп, жоғарғы көрсеткішпен оралған. Бүгін өткен дөңгелек үстел барысында жүлдегерлер марапатталып, алғыс хаттар табысталды.

Іс-шараның қонағы ретінде Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты. Отырыс барысында мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен олардың бапкерлері тарапынан V республикалық спартакиададағы қызықты жайттар, облыстағы спорт орталықтары мен спорт үйірмелерінің жай күйі туралы пікірлер айтылды. Облыстық Дене шынықытыру және спорт басқармасының басшысы шараға келген қонақтар мен спортшылардың ойларын тыңдап, аталмыш спорт түрі мен спортшыларға көрсетілетін қолдау жайында пікірін білдірді.

– Осында келіп отырған барлықтарыңызға айтар алғысым шексіз. Көптеген жарыстарда өңір намысын қорғағаннан бөлек, кәсіби спортшылармен тең дәрежеде өмір келе жатқан сіздердің ерік жігерлеріңізге тәнтімін. Алдағы уақыттарда өңіріміздегі кейбір спорт түрлеріне білікті бапкерлер іздеп, емін-еркін жаттығуларыңызға жағдайларжасалып, облыс әкімінің арнайы стипендияларын тағайындай қарастырлатын болады, – деді Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.

Жиын соңында басқарма басшысы мүмкіндігі шектеулі спортшыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

    
27 октября 2017 в 21:38 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги