Блоги

Өскеменде Паралимпиада ойындарының жеңімпазын салтанатты түрде қарсы алды

Өскеменде Паралимпиада ойындарының жеңімпазын салтанатты түрде қарсы алды

     0

Бүгін Өскеменге Дубайда (БАӘ) өткен III жасөспірімдер арасындағы Азиядалық паралимпиадалық ойындарда пара жүзуден жүлдегер атанған Нурали Советканов оралды. Спортшыны жақындары мен қала тұрғындары қуанышпен қарсы алды.
Нурали Советкановты күтіп алғандардың қатарында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов та болды. Басқарма басшысы спортшыны құттықтап, алдағы үлкен додаларда сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірлігі жерінде өткен паралимпиадалық ойындарға барлығы 30 мелекеттен 1000-нан астам спортшы қатысты. ҚР құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының атынан «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан» Нурали Советканов жалғыз өзі өнер көрсеткен болатын. Жас суда жүзуші сайыстың алғашқы күні 200 м қашықтықта кешенді жүзу бойынша алтын медальға қол жеткізді. Жарыстың келесі күні де Нурали үшін сәтті болды. Брасс әдісімен 100 м-ге жүзуде мәреге бірінші боп жетсе, сол 100 м қашықтықта кроль әдісімен жүзуде күміс медаль еншіледі.
– Бұл жарысқа жоғары дайындықпен бардық. Алға қойған жоспарды 100 пайыз орындадық деп айта аламын. Тек бір алтын аламыз деген оймен барып, нәтижесінде әлдеқайда жоғарыкөрсеткішке ие болдық. Шәкіртімнің осындай жетістікке жеткеніне өте қуаныштымын. Алдағы мақсатымыз Токио Олимпиадасында бақ сынау, – деді ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысы Максим Филимонов.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
17 декабря 2017 в 00:19 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: