Блоги

Өскеменге әлем Кубогінің жүлдегері оралды

Өскеменге әлем Кубогінің жүлдегері оралды

     0

Бүгін Өскеменге фристайл могулден әлем Кубогі кезеңдерінің жүлдегері Дмитрий Рейхерд оралды. Спортшыны оның жақындары мен қала тұрғындары қуанышпен қарсы алды.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері ойынша жоғары шеберлік мектебі» КММ тәрбиеленушісі әлем Кубогі кезеңдерінде сәтті өнер көрсетті. Атап айтсақ, маусым алдындағы Финляндияның Рука қаласында өткен сайыста Дмитрий Рейхерд күміс медаль иеленген болатын. Сол жетістігін Қытай Халық Республикасында қайталап, мұнда да әлемдік доданың күміс жүлдесін иеленді.
– Бірнеше оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, бұл сайысқа тыңғылықты дайындықпен бардым. Осы орайда сапалы жаттығу өткізген бапкерлеріме үлкен алғысымды айтқым келеді. Әлем Кубогі кезеңдерінде канадалық, жапониялық, швециялық қарсыластарым да жақсы нәтиже көрсетті. Десек те, жоғары дайындық нәтижесінде алға қойған жоспарымыз орындалып, жүлдегер атандым, – деді Дмитрий Рейхерд.
Шығысқазақстандық фристайл спортшысы сәл тынығып, қаңтардың 1 күні Канада және АҚШ елдерінде өтетін тағы да 4 әлем Кубогі кезеңдерінде бақ сынайтынын айтты.
Айта кетейік, Дмитрий Рейхерд әлемдік рейтингте 2 орынға жайғасты.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
24 декабря 2017 в 23:39 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: