Блоги

Өскеменге әлем Кубогінің жеңімпазы оралды

Өскеменге әлем Кубогінің жеңімпазы оралды

     0

Өскеменге фристайл могулден әлем Кубогінің жеңімпазы Юлия Галышева оралды. Спортшыны қала тұрғындары мен жақындары қуанышпен қарсы алды.

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлік мектебі» КММ тәрбиеленушісі әлем Кубогі кезеңінде алтын және күміс медаль иеленді. Финляндияның Рука қаласындағы әлем Кубогі кезеңінде шығысқазақстандық спортшы қателіктерге бой алдырып жүлдеден шет қалған болатын. Алайда, Қытай Халық Республикасында екі рет тұғыр сатысына көтерілді. Алғашында АҚШ елінің фристайл спортшысын алға жіберіп, 2 орыннан көрінсе, келесі күні тап осы қарсыласын басып озып, әлем Кубогінің алтын медалін мойнына тақты.

– Қытайға алғаш рет бардым. Бұл жарысқа көктем айынан бері дайындық жүргіздік. Әлем Кубогі кезеңінде АҚШ-тан келген спортшы жас болса да тәжірибе жинақтап үлгергені байқалады. Осы спортшыны Олимпиададағы қарсыластарымның бірі десем болады. Финляндия жеріндегі сәтсіздіктен кейін осы сайыста ұпай жинау аса маңызды болды. Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 2 орында келемін, – деді Юлия Галышева.

Сондай-ақ, ШҚО фристайл спортшысы желтоқсанның 29 күні Канадада өтетін әлем Кубогіне жол тартатындықтарын айтты.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

    
24 декабря 2017 в 23:30 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: