Блоги

Тарбағатай ауданында спорттық кешен салынады

Тарбағатай ауданында спорттық кешен салынады

     0

Келер жылы Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ.
Бұл жайлы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтып өтті.
– Жаңа кешен заманауи құралдармен жабдықталады. Біз аудан орталықтарынан бөлек, ауылдарда спорт кешенін көптеп салуды жоспарлап отырмыз. Себебі ауылдарда спорттың дамуына жағдай жасауымыз қажет. Ол балалар мен жасөспірімдер арасында елдің намысын қорғайтын болашақ спортшылар бар екендігіне сенімдімін, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен Ақжар ауылында ипподром күрделі жөндеуден өтеді.
Дене шынықтыру және сауықтыру кешендері Тұғыл ауылынан бөлек Катонқарағай, Үржар, Бородулиха және Күршім аудандарының ауылдарында бой көтермек.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Баспасөз қызметі

    
03 марта 2020 в 22:16 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги