Блоги

Әуесқой командалар арасында «Көктем-Алтын күз 2017» атты ШҚО шағын футбол ойындары өтуде

Әуесқой командалар арасында «Көктем-Алтын күз 2017» атты ШҚО шағын футбол ойындары өтуде

     0

Шығыс Қазақстанда «EXPO-2017» көрмесі аясында әуесқой командалар арасында «Көктем-Алтын күз 2017» шағын футбол ойындары өтуде.
16-шы сәуірде басталған жарыстың бірінші айналымының шешуші ойындары өтуде. Командалар жоғарғы және бірінші лига болып екі топқа бөлінген. Жоғарғы лигада 8 команда ойнаса, бірінші лига құрамында 10 команда. Жарысқа қатысқан спортшылардың саны шашамен 450-ге жеткен.
Айта кету керек, жоғарғы лигада жақсы ойын көрсетіп, көзге түскен «СМУ-Алтай» және «Батыр» командалары алда келе жатыр. Бірінші лигадан «Қайрат» командасы алдыңғы қатардан көрінуде.
Бұған қоса, жуықта Астана күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында футболдан Біріншілік болып өтті. Мұнда Семей қаласынан келген 2 команда мен қалалық 2 команда ойын көрсетті. Аталмыш жарыста жүлделі орын алған командалар қатары келесідей: Өскемен-1 командасы – І орын, «Семей» командасы - ІІ орын, Өскемен-2 командасы – ІІІ орын. Жеңімпаздар мақтау қағаздары және медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
12 июля 2017 в 09:00 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: