Блоги

«Восток» бұрымдылары облыс Біріншілгінің чемпионы атанды

«Восток» бұрымдылары облыс Біріншілгінің чемпионы атанды

     0

Өскеменде сәуірдің 2-7 аралығында футзалдан 2001-2003 ж.т., 2004 ж.т., және одан кіші қыздар арасында «Қазақстан Республикасының жастар жылына» арналған облыс Біріншілігі өтті.
Жарысқа қарап, өңірдегі әйелдер футболының деңгейі бірашама өскенін аңғаруға болады. Өкінішке орай, көктемдегі күн райының қолайсыздығына байланысты бірнеше команда келе алмады. Соған қарамастан, жарыс жолына шыққан әр команда сапалы әрі жоғары деңгейлі ойын көрсетіп, жеңіске деген жігер танытты. Турнир қорытындысында жеңімпаз бен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

2001-2003 жылы туған қыздар

1.Восток (Өскемен)
2.Семей (Семей)
3.Ұлан (Ұлан ауданы)

2004 жылы туған және одан кіші қыздар

1.Восток 2 (Өскемен)
2.Семей 2 (Семей)
3.Ұлан (Ұлан ауданы)

Осылайша, қыздар үйлеріне жоғары көңіл-күймен тарқасты. Алайда сәуірдің ортасына қарай Е.Рыжковты еске алуға арналған турнирде қайта бас қосады. Бұл жерде де командалар арасында қызу бәсекелестік орын алады деп күтілуде. Сондай-ақ ШҚО футбол қауымдастығы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен тізе қосып, күнтізбелік жоспарға сай қыздар арасында бірнеше турнир өткізетіндіктерін айта кеткен абзал.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
11 апреля 2019 в 22:23 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
6 кзт
378.65 кзт
430.07 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги