Блоги

«Востокцветмет» биыл да чемпион

«Востокцветмет» биыл да чемпион

     0

Өскеменде футзалдан әуесқой командалар арасында XII облыстық және қалалық Біріншілік аяқталды.
Бұл жолы облыс Біріншілігіне 37 команда қатысқан екен. Ұжымдар әр лигада жұмыстарын ойдағыдай атқаруға тырысты. Яғни, бірінші және екінші лигаларда тиісінше бірінші және екінші орын алса, дивизионда жоғарылаулары тиіс. Ал бірінші және екінші лигаларда соңғы орын иеленген ұжым регламентке сай өз лигасынан шығып, келер жылы төменгі орыннан бастайды. Айта кетейік, жыл өткен сайын турнирдегі бәсеке артып, тартысты кездесулер жиі орын алуда. Мұның бәрі әрине, қатысушылардың деңгейі өсіп, командалардың тәжірибе жинақтап қалғандығын аңғартады. Бұл өз кезегінде жанкүйерлер мен турнирді ұйымдастырушыларды қуантуда.
Өткен демалыстарда футзалдан екінші лига командалары арасындағы соңғы тур ойындары өз мәресіне жеткен-ді. Жүлделі үштік келесідей анықталды: қола медальға турнир дебютанты болған «Ахмер 1» әуесқой футбол командасы ие болды. «Кристалл» командасы екінші орын әрі бірінші лигаға жолдама иемденсе, «TGK» ұжымы бірінші орын иеленіп, тиісінше Бірінші лига жолдамасына қол жеткізді. Осыған дейін шағын футбол турнирлерінде аталмыш команда «КазЧерМет» деген атаумен өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Екінші лигада 13 ұжым бақ сынағандығын айта кеткен абзал.
Жуырда ғана жоғарғы лиганың қорытындысы белгілі болды. Ойындар аяқталған соң, облыстық футбол федерациясы командалардың басшыларын дипломдар мен алғыс хаттар, ал үздік ойын көрсеткен қатысушыларды арнайы номинациялармен марапаттады. Естеріңізге сала кетейік, облыстық және қалалық Біріншілік 2018 жылдың 15 қарашасында басталған болатын. Турнирдің марапаттау рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы, футбол ардагері, Шығыс Қазақстан облысы футбол Қауымдастығының Президенті Владимир Головатюк қатысты. Шара барысында сөз алған футбол ардагері сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, командалардың бапкерлері мен басшыларына жүйелі жұмыстар атқарғандықтары үшін алғыс айтты. Одан бөлек, «АлтайЭнерго» залын лық толтырған жанкүйерлерге де ризашылық білдірді.
– Финалдық ойын көңілімнен ерекше шықты. Матч соңына дейін күтпеген жайттардың да орын алғаны рас. Десе де сапалы әзірлік жүргізіп, сенімді ойнай білген «Востокцветмет» ұжымы жеңіске жетті. Алайда бұл өзге командаларды тиісті деңгейде ойнамады дегенді білдірмейді. Олар да жарады. Әр маусым сайын қатысушы командалар санының ұлғайып келе жатқандығы қуантады, – деді Владимир Головатюк.
Соңғы ойын күні «Кеден» командасы «Имсталькон» футболшыларын 7:1 есебімен айқын ұтты. Осыдан кейін «кедендіктер» жүлделі үштікке сенімді жайғасты. Ал финалдық ойында «Востокцветмет» және «Марқакөл» ұжымдары жолықты. Бұл жолы «ВЦМ» ойыншылары қарсыластарын 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл турнир кестесіне әсер ете қоймады, ал «ВЦМ» командасы былтырғы жетістіктерін қайталады. Біріншілік қорытындысында «Востокцветмет» әуесқой футбол командасы 62 ұпаймен көш бастады. Оның ізін ала, «марқакөлдіктер» 58 ұпаймен екінші орын, ал «Кеден» ұжымы 45 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Турнир барысында ерекшелене білген қатысушылар арасында «Востокцветмет» сапында Иван Сивожелезов өткен жылдағыдай «Үздік қақпашы» атанды. «Кеден» командасының мүшесі Аян Артуровқа «Үздік шабуылшы» аталымы берілсе, Кирилл Рыкунов «Меркурий-Строитель» ұжымынан «Үздік қорғаушы» деп танылды. Ал қарсылас қақпасына 59 доп соққан «Титан» командасының ойыншысы Есбол Айтбаев «Үздік сұрмерген» аталымына ие болды.
Айта кетейік, араға апта салып, әуесқой командалар футзалдан облыс Кубогі үшін жасыл алаңда өз мүмкіндіктерін байқайды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
07 марта 2019 в 02:43 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
6.04 кзт
378.83 кзт
430.99 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги