Блоги

Юлия Галышева Қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды

Юлия Галышева Қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды

     0

Шығысқазақстандық фристайл спортшысы Пхенчханда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль иеленіп, Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлде әперді.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Юлия Галышева Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан төртжылдықтың басты бәсекесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Әлемнің кіл мықты спортшылары бас қосқан додада 77,40 ұпай еншілеп, шығысқазақстандық спортшы Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарының қола медаліне қол созды. Ол тек, 78,65 ұпай көрсеткен франциялық Перрин Лаффонға және 78,56 ұпай жинаған тәжірибелі канадалық Жустин Дюфур-Ляпуент сынды спортшыларды ғана алға жіберді.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов атап өткендей, бұл жарыста Шығыс Қазақстан облысының спортшыларына үлкен сенім артылуда. Себебі, біздің аймақ Қазақстан қысқы спортының шеберханасы саналады.
Айта кету керек, Оңтүстік Кореядағы Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын ҚР құрамасы сапында 12 шығысқазақстандық спортшы қорғауда. Олар спорттың төрт түрі бойынша сынға түсуде.

Фото dailynews.kz сайтынан алынды
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
11 февраля 2018 в 21:31 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги