Блоги

Жүз пайыздық нәтиже

Жүз пайыздық нәтиже

     0

Футбол орталықтары мен академиялары арасында аяқ доп бәсекесінен кезекті ел біріншілігінің маусымы басталды. Бұл сайыстарда шығысқазақстандық «Алтай» Футбол Академиясының жасөспірімдері бақ сынауда.
“Алтай 2004" командасы 2-ші тур бойынша үздік нәтиже көрсетуде. Андрей Пустовалов баптайтын ойыншылар бірде-бір ұпай жоғалтпай, мүмкін болатын 18 ұпайдың барлығын жинады. Бұл ұжымды Андрей Пустовалов үш жыл бұрын қабылдаған. Өскеменнен бөлек, команда құрамында аймақтың өзге де аудандарынан келген жасөспірімдер өнер көрсетуде. Атап айтсақ, Зырян ауданынан Егор Гросс, риддерлік Бекжан Төлегенов пен Темірлан Қажымұхамет, Үржар ауданынан Нұриддин Қасымов пен Әлібек Бейбіт, сондай-ақ Белоусовка ауылы өкілі Андрей Тузиков сынды ойыншылар бар.
Бірінші тур сәуірде өтті. Біздің жас аяқ допшылар Талдықорғанға барып, ол жақта ақтаулық «Каспий 2004», Петропавлоск қаласының «Қызыл-Жар» және алаң қожайындары «Жетісу 2004» футболшыларымен өзара «кім мықтыны» анықтады. Бұл турды аға жаттықтырушы Андрей Пустовалов былай бағалады:
– Біз өткен жылғы маусымды тоғызыншы орын иеленгенімізді ұмытуға тырыстық. Алғашқы ойында жинақылық таныттық. Ойын басында салған голдарымызды сақтап, жеңісті уыстан шығармауға тырыстық. Егор Гросстың хет-тригі және Әлихан Қажыахметовтың соққан голы бізге 4:0 есебімен ірі жеңіс әкелді. Екінші ойында петропавлдық ұжымға қарсы ойнадық. Оларды қыспаққа алып, әбден састырдық. Бұл жолы да Әлихан Қажыахметов көзге түсті. Одан бөлек Егор Гросс дубль жасаса, Темірлан Қажымұхаметтің үш голы сенімді жеңіс әперді. Қорытынды ойын жоғарыда айтылғандай алаң иелерімен болды. Шәкірттерім аптықпай жүріп ойынды бақылауда ұстады. Нәтижесінде Андей Тузиков бір рет, Темірлан Қажымұхамет екі рет көзге түсті. Енді өз алаңымыздағы ойындарда осы жеңіске кездейсоқ жетпегенімізді дәлелдеу керек.
Үйдегі матчта бірқатар қиындықтар туындады. Ауа-райының қолайсыздығы, бірде жаңбыр, бірде жел тұрып ойыншыларға ойлағанын іске асыруға мүмкіндік бермеді. Десе де, мұндай қиындықтар әр командаға кедергісін келтірді.
Бірінші ойында екі рет мергендігімен танылған Егор Гросс «Атырауға» қарсы өткізген ойын тағдырын шешіп тастады. Бапкерлік құрам келесі ойында да көкшетаулық «Оқжетпес» командасына дұрыс нұсқау бере білді. Бұл ретте де Егор Гросс қарсылас қақпасынан саңылау тапса, Темірлан Қажымұхаметтің қос голы 3:0 есебімен айқын жеңіс әкелді. Соңғы ойын қиынға соққан еді. Біздің ойыншыларға павлодарлық «Ертіс 2004» ұжымы қарсы тұрды. Осы жерде ауа-райы тосын мінез танытты.
– Жел күшейе түсіп, соған қарай ойын өткізуге тура келді, – деп комнда бапкері Андрей Пустовалов еске алады, – Ойынның бірінші бөлігінде біз де, қонақтар да толыққанды қауіпті сәттер туындаттыра алмады. Ойын алғашқы голға дейін өтті десек болар. Тек екінші таймда ғана, Темірлан Қажымұхамет пен Мадияр Мұхтаровтың күш салуының арқасында 2:0 есебімен жеңіске жете алдық. Алда көптеген ойындар бар, оған дейін шәкірттерім жарақаттан аман болсын.
Қазір «Алтай 2004» жалпы кестеде бірінші орында келеді. Енді үшінші тур маусымның ортасында Таразда өтпек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
07 июня 2018 в 12:46 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги