Блоги

Жарыс жолында 34 команда

Жарыс жолында 34 команда

     0

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналып, 2002 – 2003, 2004 – 2005 және 2006 – 2008 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир басталды.
Турнирде бас-аяғы 34 команда бақ сынауда. Нақтырақ айтсақ, 2002 – 2003 жылы туғандар арасында жеті, 2004 – 2005 жылы туғандар арасында 13, ал 2006 – 2008 жылы туғандар арасында 14 команда өзара мықтыларды анықтауда. Нұр – Сұлтан қаласы екі, Өскемен қаласыекі, Семей қаласы бес, Аягөз ауданы үш, Абай, Бесқарағай, Жарма, Үржар аудандары екі, Шемонайха мен Риддердің және Семей спорт академиясының бір командасы жеңіске жетудің жолын іздеуде. Команда көп болғандықтан жарыс алты күнге жалғасады деп күтілуде. Жарыстың ашылу салтанатында Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, «Семей» волейбол клубының негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Омаров сөз сөйлесе, спорт жанашырлары Шаған Жұмақсанов, Әсетқан Досқожанов құрметті қонақтар қатарында болды.
– Шығыс Қазақстан облысында спорттың барлық түрлері дамуда. Оның ішінде волейбол да бар. Облыс әкімі Даниал Ахметов волейболдың дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді. Облыс орталығы Өскемен қаласында волейболдан республикалық, халықаралық жарыстар жиі өтеді. «Алтай» волейбол клубы өзінің кәсіби шеберлігін көрсетуде. Өткен жылдың аяғында Семей қаласына келген сапарында Даниал Кенжетайұлы спорт академиясына келіп, «Алтай - 4» командасының волейболшы қыздарымен жүздесіп, дайындықтарына жоғары баға берді. Осы жарысқа қатысып жатқан жасөспірім қыздардың ішінен академияның волейбол бөліміне іріктеу жүргіземіз, – дейді Семей спорт академиясының директоры Мерейғалы Қойшыбекұлы.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

    
22 апреля 2019 в 18:19 0
Нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги