Блоги

Жасөспірімдер арасындағы жазғы биатлон бойынша ШҚО Чемпионаты өз мәресіне жетті

Жасөспірімдер арасындағы жазғы биатлон бойынша ШҚО Чемпионаты өз мәресіне жетті

     0

1998-2003 жылғы жасөспірімдер арасында өткізілген жазғы биатлон (кросс) спорты бойынша ШҚО Чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар қатары белгілі болды.
«EXPO 2017» көрмесіне орай арнайы әзірленген айтулы шара Риддер қаласының «Вертикаль» спорттық кешенінде өтті. Жарысқа қатысушылар кросс пен атудан сайысқа түсті.
Чемпионатқа Риддер мен Семей қалаларынан 80-нен аса спортшы қатысты. Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді: 1998-1999 ж, 2000-2001 ж, 2002 ж. және одан кіші.
Жарыстың алғашқы күні жақын қашықтыққа жарысудан үш риддерлік спортшы ШҚО чемпиондары атанды. Олар: И. Дарьин, А. Макашева (1998-99ж.), сондай-ақ, А. Кисилева (2002ж.- одан кіші) және үш семейлік спортшы – К. Бауэр, К. Титиветская (2000-2001ж.) мен Р.Морковин (2002ж.-одан кіші).
Жас ерекшелігі жоғары сатыдағылар арасында В. Шлемов пен О. Чулкова есімді спортшылар жақсы көрсеткіш көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ал 2000-2001 жылы туылған Р. Пушкарев пен А. Поздняковаға тең келер ешкім болмады.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
13 июля 2017 в 10:36 0
Нравится Мне нравится

Отправить комментарий

CAPTCHA на основе изображений
Введите символы, которые показаны на картинке.



Вход

Курс валют


ПРОДАЖА
4.7 кзт
306 кзт
330 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию: