Блогтар

Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінде қола медаль еншіледі

Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінде қола медаль еншіледі

     0

Шығысқазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд фристайл могулден Жапонияның Тазавако қаласындағы әлем Кубогі кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары шеберлік мектебі» КММ тәрбиеленушісі әлем Кубогі кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті. Жапонияның Тазавако қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде, үздік 39 фристайлшының арасынан Дмитрий Рейхерд 87.26 ұпай жинап жүлделі үшінші орыннан көрінді. Ол тек, 91.03 ұпайға ие болған жарыс қожайыны Икума Хоришимаға және 89,27 ұпай жинаған тәжірибелі канадалық Микаэль Кингсберриге ғана жол берді.
Дмитрий Рейхердтен бөлек, дәл осы сында 73,36 ұпай еншілеген шығысқазақстандық Павел Колмаков 26 орын, ал, бұрымдылар арасында Юлия Галышева 78,18 ұпай жинап, жетінші орыннан көрінді.
Бұған дейін, Канаданың Калгари және Тремблан қаласында, сонымен қатар, АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде Дмитрий Рейхерд күміс медаль иеленген болатын.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
03 kzмарта 2018 в 14:36 0
Нравится

kzОтправить комментарий

Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.



Kirу

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги