Блогтар

Шығысқазақстандық семсерлесушілер ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

Шығысқазақстандық семсерлесушілер ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

     0

Алматыда семсерлесуден кадеттер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сондай-ақ, бұл сайысқа жасөспірімдер мен қыздар да қатысты. Оңтүстік астанадағы ел чемпионатына өңір атынан 30-ға жуық семсерлесушілер аттанды.
Бәсеке қарудың – семсер, қылыш, рапира сынды үш түрінен өрбіді. Қарудың әр түрінен жекелей және командалық сайыстар өтті.
Жекелей жарыста кадеттер арасында семсер бойынша Кирилл Павлов қола медаль иеленді, қарудың рапира түрінен Никита Пономарев топ жарса, жүлделі үшінші орын Алихан Құрманғали мен Гүлжан Түсіпбековаға бұйырды.
Командалық сайыста ШҚО құрамасы командалық рух көрсетіп, көбірек жүлделі орындар иеленді. Семсер бойынша кадеттер арасындағы облыс құрамасының сапында Владислава Андреева, Алина Панасюк, Александра Хохлова, Дильназ Атаева сынды спортшылар өнер көрсетіп, командалық жарыста жеңімпаз атанды. Ал, құрамында Кирилл Павлов, Амир Нигматуллин, Михаил Кузьмин, Данил Куликов сынды семсерлесушілер ел чемпионатының екінші орынын иеленді. Қыздар арасында Александра Жубрицкая, Анна Шнайдер, Анастасия Паринова, Владислава Андреева командасы да жүлделі екінші орын еншіледі. Сондай-ақ, семсер түрінен Алибек Сулейменов, Ельнура Габитов, Артем Шабалин, Марат Киргусов өнер көрсеткен құрама сайыстың үздік үштігін қорытындылады.
Қарудың қылыш түрінен жүлделі үшінші иеленген спортшылар мына құрамда жарыс жолына шықты: Даурен Макулбеков, Галым Шакенов, Рамазан Наурызбай.
Жастар арасындағы рапира бойынша сайыста Никита Пономарев, Ниязбек Сафинов, Алихан Курмангали, Владислав Сайфутдинов бақ сынаған облыс командасы ҚР чемпионатында топ жарды. Ал, қыздар арасында Гульжан Тусупбекова, Даяна Тусупжанова, Аяулым Утеуленова, Алена Голевая сынды спортшылары бар облыс құрамасы тұғырдың екінші сатысына жайғасты. Кадеттер арасында құрамында Ерасыл Тусупбеков, Кирилл Соколов, Казбек Саматулы, Дидар Оразгалиев сынды спортшылардан жасақталған өңір құрамасы чемпионаттың қола медаліне иелік етті. Сондай-ақ, құрамында Диляра Муканшаитова, Алина Искендерова, Томирис Калиева, Каракат Нурпеисова бақ сынаған ШҚО құрамасы ел чемпионатының қола жүлдесіне қол созды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
01 kzфевраля 2018 в 11:03 0
Нравится

kzОтправить комментарий

Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.



Kirу

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги