Блогтар

спорт

Ұлан ауданында мамырдың 5-9 аралығында бокстан Ұлы Жеңіске арналған және Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға орай ашық республикалық турнир өтті.
Даңқты батырды еске алуға арналған турнир өзінің есімі берілген Қасым Қайсенов кентінде ұйымдастырылды. Аталмыш додада 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер бақ сынады. Мұнда облыстың бірқатар аудандары мен қалаларынан бөлек, Алматы, Қызылорда шаһарларының және Алматы облысының спортшылары келіп қатысты. Олардың ұзын саны 120-дан асып жығылды. Биыл дәстүрлі турнир 18-ші мәрте өткізілді және екінші рет республикалық деңгейде.

kzПодробнее
    
10 мамыр 2019 в 22:39 0

Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында еркін күрестен 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «2019 жыл-Жастар жылы» және Отан қорғаушылар күніне арналған III облыстық турнир өтті.
Аталмыш додаға аймағымыздан тоғыз команда келіп қатысты. Кілем қожайындарынан бөлек, Өскемен, Риддер, Алтай қалаларынан, Глубокое, Жарма, Тарбағатай, Көкпекті және Зайсан аудандарынан ұзын саны 188 спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды.

kzПодробнее
    
09 мамыр 2019 в 15:05 0

Еркін күрестен құрлықтық чемпионатта топ жарған жерлесіміз Данияр Қайсановты отбасы, бапкерлері, сондай-ақ спортшының ізін басқан жас буын Семейдегі теміржол вокзалында қошеметпен қарсы алды.
Шығысқазақстандық балуанның Қытай боз кілемінде атой салғанын дүйім қазақ жұрты тегіс тамашалады десек қапы айтпағанымыз. Жүріп өткен жолына тағы бір көз жүгіртсек. Бірінші айналымда моңғол спортшысы Отгонбаяр Батсууримен жолықты. Белдесу 8:1 есебімен Даниярдың пайдасына шешілді. Айтпағанымыз кездесудегі есеп емес, спортшының әкесі, әрі бапкері Әлібек Нүкеновтың ішкі толғанысына да үңіліп көрмекпіз.

kzПодробнее
    
01 мамыр 2019 в 17:19 0

Өскеменде сәуірдің 27-28 күндері шағын футболдан 40 жастан асқан ардагерлер арасында Әділбек Сейілхановты еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтті.

kzПодробнее
    
30 сәуір 2019 в 23:11 0

В областном центре с 27 по 28 апреля состоялся открытый областной турнир по мини-футболу среди ветеранов старше 40 лет посвященный памяти Адильбека Сейлханова.

kzПодробнее
    
30 сәуір 2019 в 22:55 0

Өскеменде оқушылар арасында «SportFest Kazakhstan» республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Екі күнге жалғасқан жарыс финалдық кезеңге іріктеу ретінде өткен еді.

kzПодробнее
    
24 сәуір 2019 в 10:31 0

Сәуірдің 21 күні Арменияның астанасы Ереванда киокушин каратэден «Гран-При Армения 2019» ашық халықаралық турнирі өтті. Аталмыш сайыстан өскемендік спортшылар да шет қалмады.

kzПодробнее
    
23 сәуір 2019 в 14:38 0

20-21 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтті.

kzПодробнее
    
23 сәуір 2019 в 12:30 0

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналып, 2002 – 2003, 2004 – 2005 және 2006 – 2008 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир басталды.

kzПодробнее
    
22 сәуір 2019 в 18:19 0

Өскеменде 2003-2005 жылдары туған оқушылар арасында «SportFest Kazakhstan» атты республикалық мектеп спартакиадасы аясында аймақтық іріктеу турниры өтуде. Аталмыш дода биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Алдымен спартакиаданың ашылу салтанатында облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры Алима Ақылбек сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

kzПодробнее
    
22 сәуір 2019 в 16:22 0

Өскеменде сәуірдің 2-7 аралығында футзалдан 2001-2003 ж.т., 2004 ж.т., және одан кіші қыздар арасында «Қазақстан Республикасының жастар жылына» арналған облыс Біріншілігі өтті.
Жарысқа қарап, өңірдегі әйелдер футболының деңгейі бірашама өскенін аңғаруға болады. Өкінішке орай, көктемдегі күн райының қолайсыздығына байланысты бірнеше команда келе алмады. Соған қарамастан, жарыс жолына шыққан әр команда сапалы әрі жоғары деңгейлі ойын көрсетіп, жеңіске деген жігер танытты. Турнир қорытындысында жеңімпаз бен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

2001-2003 жылы туған қыздар

kzПодробнее
    
11 сәуір 2019 в 22:23 0

В Усть-Каменогорске 2 по 7 апреля прошло Первенство области по футзалу среди девушек 2001-2003 г.р., и 2004 г.р. и моложе, Посвященное «Году молодежи Республики Казахстан».
По этим состязаниям было видно, что популярность женского футзала набирает достаточно большие обороты. К сожалению, из-за ранней весны не смогли приехать несколько команд. Несмотря на это, участницы Первенство показали хороший, спортивный уровень игры, азарт и волю к победе. По итогам турнира, победители и призеры распределились следующим образом:

Девушки 2001-2003 г.р.

1. Восток (Усть-Каменогорск)

kzПодробнее
    
11 сәуір 2019 в 22:16 0

Өткен демалыстарда Өскеменде 40-тан асқан ардагерлер арасында футзалдан XII облыс және қала Біріншілігі аяқталды.

kzПодробнее
    
11 сәуір 2019 в 22:01 0

За звание лучшей боролись команды из Усть-Каменогорска, Жарминского и Глубоковского районов. Данное соревнование началось с января. Несмотря на зимние морозы и весенние паводки, игроки из Жарминского и Глубоковского районов, не пропустили ни одного матча. Ветераны показали качественную и яркую игру. Особенно отличились футболисты из коллектива «ВКОАФ», которые одержали семь побед из восьми.

kzПодробнее
    
11 сәуір 2019 в 21:52 0

Семейде самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Самбо саңлақтарының басын біріктірген байрақты бәсеке күллі қазақ «Кераға» деп құрметтейтін, «Самбо күресінің академигі» атанған Керей Қойшыбектің құрметіне арналды.

kzПодробнее
    
08 сәуір 2019 в 14:39 0

Өскеменде шағын футболдан әуесқой командалар арасында XII облыс Кубогі өтті. Турнир үздіктері наурыздың 24-і күні белгілі болды.
Облыс Кубогінің иегері атануға 27 команда жарыс жолына шыққан еді. Өскемендік аяқ доп шеберлерінен бөлек, Семейден бес ұжым, Шемонаиха, Ұлан, Зайсан, Глубокое аудандарынан және Риддер қаласынан келіп қатысты.
– Бұл турнирдің өзге сайыстардан ерекшелігі – бір-бірімен бақталастыққа түскен командалар жеребе арқылы анықталған еді. Жеңілген ұжым бірден жарыстан шығып отырды, – деді турнирдің бас төрешісі Сергей Дурницын.

kzПодробнее
    
26 kzмарта 2019 в 23:25 0

В Усть-Каменогорске прошёл XII Кубок ВКО по мини-футболу среди любительских команд. 24 марта были определены победители турнира.
На старт вышли 27 команд, чтобы побороться за звание обладателя Кубка области. Помимо усть-каменогорских команд, приняли участие пять коллективов из Семея, также Зайсанского, Шемонаихинского, Уланского, Глубоковского районов и из города Риддера.

kzПодробнее
    
26 kzмарта 2019 в 23:09 0

Грецияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Семей спорт академиясының шәкірті Қуандық Стамполов 90 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль алды.

kzПодробнее
    
26 kzмарта 2019 в 13:11 0

Өскеменде наурыздың 16-23 аралығында шахматтан 20 жасқа дейінгі ел чемпионаты өткен еді. Алайда жергілікті жастар жүлдеге іліге алмады.
Аптаға созылған сайыс аса тартысты өтті. Бұл туралы шахматтың рапид түрінен Азия чемпионы, осы жарыстың төрешісі болған жерлесіміз Алмагүл Чакеева тілге тиек етті. Аталмыш жарыс классикалық шахматтан өткен-ді. Алайда шығысқазақстандық қатысушылар жүлдеге сәл ғана жетпей сүрінді.

kzПодробнее
    
26 kzмарта 2019 в 12:22 0

Өскеменде қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке-командалық біріншілігі өтті.
Жарысқа «Шығыс, «Батыс», «Орталық», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, сондай-ақ Ұлттық ұланның Әскери институты және Астана қаласының 5573 әскери бөлімінің құрама командалары қатысты. Шара кезекті қысқы Президенттік көпсайыс кезеңінің салтанатты ашылуынан басталды.

kzПодробнее
    
19 kzмарта 2019 в 13:17 0

В Усть-Каменогорске прошло лично-командное первенство Национальной гвардии Республики Казахстан по зимнему Президентскому многоборью.

kzПодробнее
    
18 kzмарта 2019 в 22:32 0

Өскеменде футзалдан әуесқой командалар арасында XII облыстық және қалалық Біріншілік аяқталды.

kzПодробнее
    
07 kzмарта 2019 в 02:43 0

В Усть-Каменогорске завершилось XII Первенство области и города по футзалу среди любительских команд.

kzПодробнее
    
07 kzмарта 2019 в 01:23 0

Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2007-2008 жылы туған ұлдар және қыздар арасында ашық біріншілік өтті.

kzПодробнее
    
03 kzмарта 2019 в 14:32 0

Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жүлдесіне қысқы Президенттік көпсайыстан жеке-командалық сайыс өтті.

kzПодробнее
    
08 kzфевраля 2019 в 14:52 0

В Усть-Каменогорске прошли лично-командные соревнования по зимнему Президентскому многоборью на первенство регионального командования «Шығыс».
В соревнованиях приняли участие сборные команды воинских частей регионального командования города Усть-Каменогорск, Семей, Курчатов и Павлодар. Всего 28 участников вступили в борьбу за призовые места. В ходе проведения соревнований участниками было выполнено 13 спортивных разрядов.

kzПодробнее
    
07 kzфевраля 2019 в 18:21 0

Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар, Курчатов, Семей және Өскемендегі 7 әскери бөлім арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті.
Дәстүрлі түрде өтетін әскери жекпе-жекке 200-ге таяу жауынгер қатысты. Спорттық шара 1995 жылы ауған-тәжік соғысында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналды. «Ұлттық ұланның» «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы біріншілігіне 70-ке жуық әскери қызметкер бақтарын сынап, әскери біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасты.

kzПодробнее
    
17 kzянваря 2019 в 15:15 0

В Усть-Каменогорске прошло лично-командное первенство по рукопашному бою на первенство регионального командования «Шығыс» Национальной гвардии.
В соревнованиях приняли участие военнослужащие частей Павлодарской области, г. Семей, Курчатов регионального командования «Шығыс». Всего 70 участника. В ходе проведения соревнований 27 военнослужащий выполнил нормативы спортивных разрядов. Соревнования посвящена памяти погибших 17 воинов на Таджикско-Афганской границе в 1995 году.

kzПодробнее
    
17 kzянваря 2019 в 15:08 0

В областном центре прошел мастер-класс по художественной гимнастике с участием бронзового призера Олимпийских Игр в Рио, Анны Ризатдиновой.

kzПодробнее
    
17 kzдекабря 2018 в 16:12 0

XXI Открытый Чемпионат ВКО «Грация Востока» посвящённый Дню Независимости РК получился по уровню организации самым лучшим в истории. А ведь ведёт свой отсчёт турнир аж с 1992 года.

kzПодробнее
    
17 kzдекабря 2018 в 16:03 0

Kirу

Күнтізбе

M T W T F S S
 
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
30
 
31
 
 
 

Валюталардың курсi


САУДА
5.88 кзт
379.36 кзт
424.47 кзт

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги